437,98 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирустан алғашқы француз қайтыс болды

  • 193
  • UPD: 17:42, 26.02.2020
Коронавирустан алғашқы француз қайтыс болды

Парижде COVID-19 коронавирустық инфекциясынан болған алғашқы өлім жағдайы тіркелді.

60 жастағы ер адам сәрсенбіге қараған түні Питье-Сальпетриер ауруханасында қайтыс болды. Ол ауруханаға өте нашар халде түскен.

Сондай-ақ соңғы тәулікте Францияда коронавирус жұқтырған тағы екі адам анықталды. 55 жастағы науқас Амьенде реанимацияға жатқызылды, ал 36 жастағы ер адам Страсбургте ауруханаға түсті.

Айта кетсек, бұған дейін Францияда 15 ақпан күні 80 жастағы қытайлық турист қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы