426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде болған үш бірдей жол апатынан 14 адам қаза тапты

  • 238
Перуде болған үш бірдей жол апатынан 14 адам қаза тапты

Перудің оңтүстік өңірінде болған үш бірдей жол апатынан 14 адам мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үшеуінде де жолаушылар автобусы апатқа ұшыраған. Тағы 100-ге жуығы түрлі жарақат алған. Бұл туралы Associated Press ақпарат агенттігі хабарлады. Аймақтағы ауруханалар зардап шеккен ондаған адамды бірден қабылдауға қауқарсыз болған. Осыған байланысты жергілікті билік жараланғандарды елдің үш ауруханасына бөліп жатқызған. Қазір олар дәрігерлердің жіті бақылауында.

Хабар 24 телеарнасы