422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пәкістанда алғаш рет коронавирусты жұқтыру дерегі тіркелді

  • 341
  • UPD: 23:18, 27.02.2020

Қауіпті дерт Иранға сапармен барып қайтқан екі азаматтан анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар вирусты Иранның індет ошағына айналған Ком аймағындағы қасиетті орындарды аралау кезінде жұқтырып алған. Осыған байланысты қазір Иранға сапар шеккен 200 пәкістандық шекара маңындағы арнайы орынға карантинге жабылған. Ал соңғы ақпарға қарағанда, Иранда COVID-19-дан қаза тапқандардың саны 19-ға жеткен. Тағы 139 тұрғын дертке шалдыққан.

Зафар Мирза, Пәкістан денсаулық сақтау министрі:

- Екі азаматтың коронавирусты Иранда жұқтырғаны тексеру кезінде анықталды. Науқастар қазір ауруханада емделіп жатыр. Олардың жағдайы бірқалыпты. Жалпы елде қауіпті дерттің таралмауы үшін барлық сақтық шаралары қарастырылған. Сондықтан елдің үрейленуіне еш негіз жоқ.

Таяу Шығыста да коронавирусқа шалдыққандардың саны артуда. Бахрейнде дерт тағы 7 адамнан анықталып, оны жұқтырғандардың қарасы 33-ке жетті. Мұнда да вирус негізінен Иранға сапар шегіп қайтқан азаматтардан шығып жатыр. Індеттің таралуын болдырмау үшін Бахрейн Ирак және Ливанмен әуе байланысын тоқтатты.

Хабар 24 телеарнасы