431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда 1595 адам коронавирус жұқтырған

  • 236
  • UPD: 12:53, 27.02.2020
Оңтүстік Кореяда 1595 адам коронавирус жұқтырған

Оңтүстік Кореяда коронавирус дерті өршіп тұр. Таяуда ел президенті Мун Чже Ин вирус ошағына айналған Солтүстік Кёнсан провинциясы мен Тэгу қаласына барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін елде вирус жұқтырған тағы 334 адам тіркелді. Осылайша дертке шалдыққан науқастардың жалпы саны 1 мың 595-ке жетті. Ал, 13 адам кеселден көз жұмғандардың қатарында. Қаза тапқан соңғы адам бүгін таңертең ауруханаға түскеннен кейін 3 сағат өтісімен жан тапсырды. Сонымен қатар 24 адам COVID-19 ауруынан емделіп шықты.

Айта кетейік, Кореядан кетіп жатқан қазақстандықтардың саны артып келеді. Олардың арасында еңбек мигранттары бар, өйткені көптеген зауыттар короновирус әсерінен жұмысын тоқтатты. Студенттер де кетіп жатыр, себебі COVID-19 салдарынан олардың демалыстары екі аптаға ұзартылды. Таңғы самал елінде 30 мыңнан астам қазақстандықтар бар. Қазақстан мен Корея арасындағы рейстердің азаюына байланысты отандастарымыз эпидемиядан зардап шеккен аймақты тастап кете алмаймыз ба деп алаңдап отыр.

Айна Мұхамедкерімова, Сеул қаласының тұрғыны:

- Тек кеше ғана бір күнде мен тұратын осы ауданда тоғыз адамда коронавирус бар екені белгілі болды. Өте-өте қорқынышты. Енді әрине, жағдай одан сайын ушығып жатса, біздің Қазақстанға оралғымыз келеді, өйткені бұл үйде тек қана қамалып отырамыз. Қауіп болып жатса, амал жоқ Қазақстанға ораламыз.

 

Хабар 24 телеарнасы