447,59 487,00 5.74

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда COVID-19 құрбандарының саны тағы артты

  • 133
  • UPD: 13:56, 27.02.2020
Оңтүстік Кореяда COVID-19 құрбандарының саны тағы артты

Оңтүстік Кореяда коронавирус құрбандары тағы да артты, деп хабарлайды «Хабар 24»

Қазір олардың саны 12-ге жетіп отыр. Ал ауру жұқтырғандар 1261 адам. Соңғы мәлімет бойынша небәрі бір тәулік ішінде бұл елде қатерлі дертке шалдыққандар 284 кісіге артқан. Өз кезегінде Бразилия ел аумағында коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелгенін хабарлады. Қатерлі дертке 61 жастағы азамат шалдыққан. Ол бұған дейін Италияның Ломбардиосына барыпты. Қазір жергілікті дәрігерлер науқастың бұған дейін кіммен байланыста болғанын анықтап жатыр. Ал Иранда коронавирустан осымен 19 азамат көз жұмды. Ал 139 адам вирус жұқтырған.

Хабар 24 телеарнасы