448,38 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезияда тасқын салдарынан 10 мың адам баспанасыз қалды

  • 134
  • UPD: 14:04, 27.02.2020
Индонезияда тасқын салдарынан 10 мың адам баспанасыз қалды

Индонезияның Батыс Ява провинциясында су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан 10 мыңға жуық адам баспанасынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Сонымен қатар мамандар 800 гектар күріш алқабы жарамсыз күйге айналғанын айтады. Аймақтағы үш мешіт пен бірнеше мектептің тас талқаны шықты. Табиғат апатынан 5 адам мерт болып, тағы үш тұрғын ізім-ғайым жоғалған. Апатқа байланысты жергілікті билік «қауіпті өңірлерден тұрғындарды эвакуациялау керек» деген шешім қабылдады. Қазір Батыс Ява провинциясында 14 күнге төтенше жағдай режимі жарияланды. Жергілікті билік «табиғаттың тосын мінезінен мерт болғандардың саны әлі де өзгеруі мүмкін», деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы