435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та бұрынғы зауыт жұмысшысы алты адамды атып өлтірді

  • 107
  • UPD: 14:13, 27.02.2020
АҚШ-та бұрынғы зауыт жұмысшысы алты адамды атып өлтірді

АҚШ-та тағы атыс. Осы жолы Висконсин штатындағы Милуоки қаласында орналасқан Молсон Курс сыра зауытында 51 жастағы ер адам оқ атқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиғадан 6 адам қаза тапты. Қаскөй осы зауыттың бұрынғы қызметкері екені анықталды. Ол жуырда ғана жұмысынан айырылғаннан кейін компанияға қаруланып келген. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қанды оқиғадан кейін күдікті өз-өзіне қол жұмсап мерт болды. Ел президенті Дональд Трамп бұл жайтты қатаң сынға алды.

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

Милуоки қаласындағы Молсон Курс зауытында атыс болып, бірнеше адам мерт болды. Қанды оқиғада мерт болғандардың жақындары мен туған туыстарына көңіл айтамын. Бұл сұмдық жайт қабырғамызды қайыстырды.

Хабар 24 телеарнасы