428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Джеки Чанның коронавирус жұқтырғаны рас па?

  • 963
  • UPD: 16:56, 27.02.2020
Джеки Чанның коронавирус жұқтырғаны рас па?

Әлемдік БАҚ әйгілі актер ауруға шалдығуы мүмкін деген ақпарат таратып жатыр.

Бұл туралы vesti.ua. да жазды.

Мәлім болғандай, 65 жастағы өнер иесі сауық кешіне қатысқан. Коронавируспен ауырған 48 жастағы полицейдің де дәл сол жиында болғаны анықталды.

Қазір Джеки Чанға нақты диагноз қойылған жоқ. Актер дәрігерлер бақылауында, стационарлы бөлімде емделіп жатыр.

Айта кетейік, ақпанның басында Джеки Чан қауіпті вирустан құтқарар дәрі ойлап тапқан адамға 1 миллион юань (54 млн теңге шамасында) сыйлайтынын мәлімдеді.

«Мен гүлденудің орнына қаңырап, бос қалған көшелерді көргім келмейді. Мен қайғы басып, қамыққан жандарды емес, қуаныштан бал-бұл жанған жүздерді көргім келеді», – деген еді ол.

Бұған дейін Иранда лауазымды қызметтегі тұлғаның індеттің «тырнағына ілінгенін» жазған едік.

Хабар 24 телеарнасы