431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украиналық бойжеткеннен коронавирус анықталды

  • 167
  • UPD: 15:03, 27.02.2020
Украиналық бойжеткеннен коронавирус анықталды Reuters

Италияда Украина азаматы коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды УНН агенттігі.

Науқас қазір Неапольдегі ауруханаға жеткізілген. Мұны Украина СІМ консулдық қызмет департаментінің директоры Сергей Погорельцев растап отыр.

Неапольде аталған дерттің жұққанны туралы екі дерек тіркелді. Солардың бірі – 26 жастағы украиналық бойжеткен. Ол солтүстіктегі Кремонда жұмыс істейді екен, Чилентода тұратын ата-анасына келген.

«Науқаспен кездескен адамдардың барлығы карантинге жатқызылды. Украинаның Неапольдегі бас консулдығы жергілікті штабпен үнемі байланыста», – дейді Погорельцев.

Хабар 24 телеарнасы