Иранда ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің басшысы Моджтаб Зульнур дәрігерлер өзінен COVID-19 коронавирус инфекциясына шалдыққанын хабарлады.
Бұл туралы билік өкілі IRIB телекомпаниясының Telegram-каналында видеомәлімдеме жариялаған.
Зульнурдың мәлімдеуінше, үрейленудің қажеті жоқ. Себебі ол қазір карантинге жабылған.
Айта кету керек, бұл Ирандағы билік өкілдерінен осымен үшінші адамның коронавирусқа шалдығуы. Біріншісі Иран денсаулық сақтау министрінің орынбасары болса, екншісі парламент мүшесі Махмуд Садеки.
Аударған: Г.Абилова