411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда коронавирус жұқтырғандардың саны екі есеге артты

  • 291
  • UPD: 09:43, 28.02.2020
Францияда коронавирус жұқтырғандардың саны екі есеге артты

Францияда коронавирус жұқтырғандардың саны артып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, науқастардың қатары екі есеге ұлғайып, 38-ге жетті. Бұған дейін 18 адам жұқтырды деп хабарлаған еді. Ел президенті Эммануэль Макрон әлем елдерін вируспен бірлесе күресуге шақырады. Оның пікірінше, Италия билігінің шекараны жаппауы дұрыс шешім болды. Ал елдің денсаулық сақтау министрі халықты сабырға шақырып, Франция медицинасы вируспен күресуге қауқарлы екенін айтты.

Оливье Веран, Францияның денсаулық сақтау министрі:

– Әзірге науқастардың саны 38 деп отырмыз. Тағы бірнеше адам тексерістен өтіп жатыр. Ақпар әлі де өзгеруі мүмкін. Жаңадан тіркелген науқастардың көбі – бұған дейін вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар. Мысырдан келген екі адам ауыр халде жатыр.

Ал АҚШ-тың Калифорния штатында коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді. Науқас Солано округінде тұрады. Дәл осы жердегі әскери базаға ондаған адам карантинге орналасқан болатын. Алайда науқастың айтуынша, ол ауру жұқтырғандармен қарым-қатынаста болмаған. Қазір мамандар оның қанша адамды жұқтырып үлгергенін анықтап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы