412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус ЕО елдерінің экономикасына қалай әсер етуде

  • 296
  • UPD: 09:43, 28.02.2020
Коронавирус ЕО елдерінің экономикасына қалай әсер етуде

Коронавирус Еуроодақ елдерінің туризм мен сауда саласына кері әсерін тигізуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Еуроодақтың ішкі нарық жөніндегі комиссары Тьерри Бретон Брюсселде өткен баспасөз конференциясында хабарлады. Оның айтуынша, соңғы екі айдың өзінде кәрі құрлыққа Қытайдан келетін туристер алдын ала брондалған 2 млн-нан аса жолдамадан бас тартқан. Бұл туризм саласына ауыр соққы. Тьерри Бретон сауда саттықта да жалпы көрсеткіш төмендегінін тілге тиек етті.

Тьерри Бретон, Еуропалық комиссияның ішкі нарық жөніндегі комиссары:

– Еуроодақтың бірнеше елінде коронавирустың таралуына байланысты туризм саласы ақсап тұр. Сонымен қатар кейбір тауарлардың импорты да шектелді. Атап айтқанда, көлік өнеркәсібі, денсаулық сақтау, электр тауарлары және басқа да саланың дамуы тежелді.

Хабар 24 телеарнасы