443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус: Ирактағы орта және жоғары оқу орындарында сабақ тоқтады

  • 202
  • UPD: 09:59, 28.02.2020
Коронавирус: Ирактағы орта және жоғары оқу орындарында сабақ тоқтады

Ирак коронавирустың жолын кесу мақсатында мектептер мен университеттерді 10 күнге жапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бөлек, ел билігі көшелерде жиын өткізуге тыйым салып, кинотеатр мен кафелердің және өзге де қоғамдық орындардың жұмысын тоқтатты. Ал Наджаф қаласында қасиетті жерлер мен мешіттерде залалсыздандыру жұмыстары жүргізіле басталды. Арнайы киім киген азаматтық қорғаныс қызметкерлері қоғамдық орындарды түгелдей дәрілеп жатыр.

Айта кетейік, бүгінде бұл елде коронавирусты жұқтырудың 6 дерегі тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы