427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Берлинде ауа тазарды: билік қандай шаралар қолданды

  • 370
Берлинде ауа тазарды: билік қандай шаралар қолданды

Германиядағы ең ірі қалалардың бірі – Берлинде ауа тазарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – осыдан екі жыл бұрын билік қолға алған тәжірибелік жобанын жемісі. Өткен жылмен салыстырғанда кейбір көшелерде азот тотығының үлесі 11% азайды. Қаланың басты көшелерінде автокөліктерге жылдамдығын сағатына 30 шақырымнан асыруға болмайды. Сондай-ақ дизельмен жабдықталған ескі көліктерге Берлин орталығына кіруге тыйым салынған. Ауа тазарғанына қарамастан, көлік иелерінің біразы қозғалыс жылдамдығының шектелуіне қарсы. 

Йорг Кирст, автомобильшілер одағының техникалық сарапшысы:

– Қозғалыс жылдамдығын 30 шақырымға дейін шектеу ауаның ластануына әкеп жүр деп санаймыз. Өйткені көліктер баяу қозғалып, үнемі тоқтап жүреді. Жылдамдыққа шектеуді басты көшелерде емес, мектептер мен ауруханалар маңында және тұрғын аудандарда енгізу қажет. Сонда тиімді болады. Әрине біз ауаны тазартқымыз келсек, электр мен гибрид көліктерінің санын арттыру керек.

Хабар 24 телеарнасы