427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сауд Арабиясы қазақстандықтарға туристік визалар бермейтін болды

  • 434
  • UPD: 10:44, 28.02.2020
Сауд Арабиясы қазақстандықтарға туристік визалар бермейтін болды

Сауд Арабиясының туризм министрлігі коронавирусқа байланысты жеті елдің азаматтарына электронды туристік визаларды беруді уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Сауд Арабиясының SPA ақпарат агенттігі.

«Коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында Қытай, Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Италия және Қазақстан азаматтарына электронды туристік визалар беру тоқтатылды. Сауд Арабиясының әуежайларына келген кезде бұл елдердің азаматтары туристік визаларды ала алмайды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар аталған елдердің азаматтары бұрын алған туристік визаларын пайдаланып, Сауд Арабиясына кіре алмайды.

Сауд Арабиясының билігі бұлар өзгерістерді «уақытша шаралар» деп отыр. Электрондық туристік виза алуға құқығы бар басқа 40-тан астам елдің азаматтары бұрынғыша бұл мүмкіндікті пайдаланып, елге кіре алады.

Айта кетсек, кеше Сауд Арабиясына қажылыққа бару тоқтатылғаны хабарланған болатын.

Хабар 24 телеарнасы