422.97 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тағы екі елден коронавирус анықталды

  • 530
  • UPD: 12:26, 28.02.2020
Тағы екі елден коронавирус анықталды

Беларусь пен Литвада коронавирустың алғашқы жағдайлары тіркелді.

Беларусь Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайы анықталғаны туралы хабарлады. 22 ақпан күні Бакуден ұшып келген Ирандық студенттен табылған.

Науқас және онымен байланыста болған адамдар Минск жұқпалы ауруханасында жабық қораптарға жатқызылды.

Сондай-ақ Литвада коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайы расталды.

Науқас ауруханаға оқшауландырылды. Ол вирусты Италияның Верона қаласында жұқтырған.

Бұдан бұрын Нигерияда да коронавирус тіркелгені хабарланған болатын.

Хабар 24 телеарнасы