429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандардың саны артты

  • 525
Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандардың саны артты DW

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандардың саны бір тәулікте 256 адамға өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша науқастардың қатары 2 мыңнан асып отыр. Олардың басым бөлігі Тегу қаласында тіркелген. Ал кеселден 13 адам көз жұмса, 26-сы дертінен сауығып шықты. Таяуда жергілікті билік аймақтағы эпидемиялық қауіптілікті қызыл деңгейге, яғни үштен төртке дейін көтерген болатын. Вирус өршіп тұрған өңір тұрғындары дәріханаларда ұзын сонар кезекте тұр. Халық жаппай дәрумендер мен маска алуда. Жуырда үкімет бетперде экспортын 10 процентке қыcқартқан болатын. Қазір әр азаматқа 5 маскадан артық сатылмайды.

Хабар 24 телеарнасы