432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирак медициналық маскалар өндірісін ұлғайтпақ

  • 536
Ирак медициналық маскалар өндірісін ұлғайтпақ Интерфакс

Ирак елі масканың өз елінде шығарылғанын қалайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы елдің өндіріс министрлігі хабарлады. Жергілікті билік бұл қадамға осы тауардың тапшылығын болдырмау үшін барып отыр. Сонымен қатар індет кезінде масканың бағасын бір қалыпта ұстауды көздейді. 

Айта кетейік, қауіпті вирус Ирак аумағында да тіркелген. Осыған орай елде қоғамдық іс-шаралардың ұйымдастырылуы кейінге қалдырылды. Ал індет өршіп тұрған 9 елмен шекара уақытша жабылды. 

Хабар 24 телеарнасы