420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парижде Лион вокзалы маңындағы өрт пойыз қозғалысына кедергі болды

  • 312
  • UPD: 11:46, 29.02.2020
Парижде Лион вокзалы маңындағы өрт пойыз қозғалысына кедергі болды metro.co.uk

Берси бульварындағы Лион вокзалы маңында өрт шықты.

Оқиға осы аудандағы Accor Hotel Arena кешенінде концерті өтуі тиіс болған конголық әнші Фалли Ипупаға демонстранттар қарсы шығуынан басталды. Полиция наразы топты тоқтатуға тырысқан кезде олар қоқыс контейнерлері мен тұрақта тұрған көліктерді өртей бастаған. Наразылық білдірушілер Конго Демократиялық Республикасының экс-президенті Жозеф Кабиланы және оның мұрагері Феликс Чисекедиді қолдаған Фалли Ипупа Францияда өнер көрсетпеуі тиіс емес деп санайды. Бұған дейін француз астанасының билігі тәртіпсіздіктерден қорқып, ереуіл өткізуге тыйым салған болатын. Гар-де-Лион және Берси метро станцияларының жұмысы тоқтатылды. Ел астанасындағы жер асты пойыздары мен қала маңындағы электр пойыздар жүруде. Өрт сөндірушілер жалынды жұма күні кешке өрт сөндірді. Париждік префектура мен Франция ІІМ басшысы шеруге шыққандардың әрекетін айыптады. 37-ден астам адам ұсталып, 50-ге жуығына айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы