423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грузия электр қуаты импортын азайтпақ

  • 380
  • UPD: 21:30, 29.02.2020

Грузияда электр қуатын тұтыну мөлшері қарқынды өсіп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал өндірушілер бұл сұранысты толық қамтамасыз ете алмай отыр. Сол себептен электр қуатын көрші елдерден сатып алуға мәжбүр. Өткен жылы Грузия 13.4 миллиард киловатт-сағат тұтынса, оның 11,9 миллиарды ғана өз күшімен өндірілген. Осыған байланысты үкімет елдегі бар қорларды барынша тиімді пайдаланып, импортқа деген тәуелділікті азайтуға көшті.

Грузияда жыл сайын электр қуатын тұтыну көрсеткіші артып келеді. Сала мамандары 10 жылдан кейін елде энергия тапшы болуы мүмкін екенін ескертіп отыр.

Георгий Абрамишвили, «Жаңғыртылатын энергияны дамыту» қауымдастығының атқарушы директоры:

– Қазірдің өзінде бізге қуат көздері жетіспейді. 10 жылдан кейін бұл мәселе тіпті ушығып кетуі мүмкін. Егер өзіміз өндіре бастамасақ, техникалық тұрғыдан импортты да ала алмаймыз. Оны жеткізуге электр желілеріміздің шамасы жетпейді. Қазір жылына 13 млрд киловатт-сағат тұтынамыз. 2025-2027 жылдарға қарай бұл көрсеткіш екі есе өседі.

Өткен жылы Грузия электр қуатын Ресей мен Әзербайжаннан сатып алатын. Импорт мөлшері 1 миллиард 600 миллион киловатт-сағатты құраған. 

Георгий Абрамишвили, «Жаңғыртылатын энергияны дамыту» қауымдастығының атқарушы директоры:

Үкімет 2020 жылы жергілікті электр станциялардың өнімділігін 12 процентке арттыруға ниетті. Ал бұл мерзімде тұтыну 5 процентке өседі деген болжам бар. Мамандардың айтуынша, баламалы энергия көздерін өндіру жобаларына инвестиция тарту үшін, заңнамалық және қаржылық негізді құру маңызды.

Авторы: Юлия Тужилкина

Хабар 24 телеарнасы