443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чилиде үкіметке қарсы ереуіл соңы қақтығысқа ұласты   

  • 166
Чилиде үкіметке қарсы ереуіл соңы қақтығысқа ұласты   

Чили астанасы Сантьягода үкіметке қарсы ереуіл соңы қақтығысқа ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ызаланған жұрт тәртіп сақшыларына қолға түскеннің бәрін лақтырған. Осыған байланысты полицейлер халық толқуын басу үшін су атқыштар мен көз жасаурататын газ қолданды. Әзірге тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендер жайлы ресми ақпарат жоқ.

Айта кетейік, Чилидегі ереуілдер өткен жылдың қазан айында басталды. Оған қоғамдық көлік жолақысының қымбаттауы себеп болды.

Хабар 24 телеарнасы