419,48 505.95 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иранда коронавирустан қаза тапқандар саны 43-ке жетті

  • 550
  • UPD: 14:20, 01.03.2020
Иранда коронавирустан қаза тапқандар саны 43-ке жетті

593 адам ауру жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Иранның денсаулық сақтау министрлігі келтірген дерек осындай. Ал аурудың таралу аясына келер болсақ, індет Иранның 31 провинциясының жиырмасында анықталған. Соның ішінде дертке шалдығу деректері ең көп Кум провинциясында тіркелген. Сондықтан қазіргі уақытта ел аумағында сақтық шаралары барынша күшейтілген. Жергілікті билік тұрғындарға себепсіз үйден шықпауға кеңес беріп жатыр. Бұған қоса, метро мен пойыз вагондары секілді адам көп шоғырланатын жерлер үзіліссіз дәріленуде.

 

Хабар 24 телеарнасы