445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ пен «Талибан» қозғалысы бейбіт келісімге қол қойды

  • 128
  • UPD: 14:25, 01.03.2020
АҚШ пен «Талибан» қозғалысы бейбіт келісімге қол қойды

АҚШ пен «Талибан» қозғалысы Катарда бейбіт келісімге қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған сай Америка 135 күн ішінде ауған жеріндегі 5 әскери базасынан өз жауынгерлерін әкетуі тиіс. Бұған қоса, келісімде көрсетілгендей, тараптар тұтқындармен алмаспақ. Дәлірек айтқанда, Құрама Штаттар мен Ауғанстан 10 наурызға дейін 5 мың тұтқынды босатса, тәліптер мың адамды түрмеден шығармақ.

Айта кетейік, екі тарап өзара келісімге келу үшін бір жылдан аса уақыт қажет болды. Жалпы мамандардың айтуынша, бұл құжат Ауғанстандағы ұзақ жылдар бойы жалғасып келген соғыстың аяқталуына алғашқы қадам болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы