423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парижде «Сезар» сыйлығын табыстау салтанаты үлкен даумен аяқталды

  • 318
  • UPD: 14:31, 01.03.2020
Парижде «Сезар» сыйлығын табыстау салтанаты үлкен даумен аяқталды

Дәлірек айтқанда, Романа Поланскидің «Офицер мен тыңшы» фильмі 12 номинация бойынша жүлдеге ұсынылуына феминистер қарсы шығып, наразылық білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар қызыл кілемге ұмтылған. Алайда, белсенділердің мұндай әрекетіне полиция дер кезінде тосқауыл қойып, кейбірін қамауға алды. Айта кетейік, бұған дейін белсенділер Поланскидің киножүлде президенті қызметінен кетуіне қол жеткізген еді. Кейін қоғам тарапынан жасалған қысымға шыдамаған «Сезар» басшылығы да отставкаға кетті.

Аликс Беранже, Феминистер қозғалысының белсендісі:

Поланскидің фильмі бірден бірнеше номинация бойынша жүлдеге ұсынылды. Демек, жүйе оған осындай мүмкіндік берген. Жалпы мұндай жүйе тек Полански секілді азаматтарды таныту үшін ғана құрылған. Себебі, «Сезардың» 45 жылдық тарихында небәрі бір-ақ рет әйел-режиссер лауреат атана алды. Бұл аталған жүйенің дұрыс жұмыс істемейтінін көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы