443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияда Diamond Princess кемесінің жолаушысы көз жұмды

  • 133
  • UPD: 14:58, 01.03.2020
Австралияда Diamond Princess кемесінің жолаушысы көз жұмды inform.kz

Diamond Princess круиз кемесінің бортында коронавирус жұқтырған австралиялық азамат Австралия аумағында аталған індеттен көз жұмған алғашқы адам болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, өткен айда Жапониядан эвакуацияланған 78 жастағы ер адам Перт қаласындағы ауруханада қайтыс болды. Сондай-ақ оның 79 жастағы әйелінен де вирус табылған. Қазір ол ауруханада жатыр, оның жағдайы бірқалыпты.

Австралия үкіметі сенбі күні COVID-19 вирусы өршіп тұрған Ираннан келетін туристердің елге кіруіне тыйым салғаны туралы хабарлады.

Сондай-ақ Австралия осы вирус алғаш шыққан Қытайдан келетін халыққа да елге кіруге тыйым салуды 7 наурызға дейін ұзартқаны атап өтілді.

Хабар 24 телеарнасы