432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ президенттігінен үміткер Д.Байден демократтардың алғашқы сайлауында жеңді

  • 393
  • UPD: 17:15, 01.03.2020
АҚШ президенттігінен үміткер Д.Байден демократтардың алғашқы сайлауында жеңді

АҚШ президенттігінен үміткер Джозеф Байден Оңтүстік Каролинада өткен демократтардың алғашқы сайлауында жеңіске жетті. 

Сайлау қорытындысы бойынша ол 48 процент дауыс жинады. Ал екінші орынға Вермонт штатынан сайланған бұрынғы сенатор Берни Сандерс жайғасты. Ол 20 процент дауыс алды. Өз кезегінде үшінші орынды сайлаушылардың 11 пайыз дауысын жинаған миллиардер Том Стейер иеленді. 

Джо Байден, Демократиялық партия атынан АҚШ президенттігінен үміткер:

- Оңтүстік Каролина, сіздерге рақмет! Бірнеше күн бұрын ғана БАҚ өкілдері мен шолушылар біздің науқаннан түк шықпайды деген еді. Алайда бәрі керісінше болып шықты. Енді осы бағытта ары қарай жұмыс істей бермекпіз. Сондықтан бізге көмектеріңіз қажет.

Хабар 24 телеарнасы