421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия Сирияда әскери операция бастады

  • 589
  • UPD: 20:33, 01.03.2020
Түркия Сирияда әскери операция бастады

Түркия Сирияның солтүстік-шығысында әскери операция бастады. «Көктем қайнары» деген атау берілген әскери әрекет Сирия билігінің Идлибтегі соққысынан кейін басталған.

Бұл туралы елдегі меншікті тілшіміз Меруерт Қанағат қорғаныс министрі Хулуси Акарға сілтеме жасап хабарлайды.

Акардың сөзінше, бұл операцияның мақсаты Түркияның аумақтық қауіпсіздігін сақтау. Қазірге дейін операция барысында екі мыңнан астам Башар Асад әскері, жүздеген әскери техникаға соққы берілген. Сондай-ақ Идлибте Сирия билігінің 2 әскери ұшағы құлатылған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ресми Анкара Сирияда «Евфрат қалқаны», «Зәйтүн бұтағы» мен «Бейбітшілік қайнары» атты әскери әрекеттерді жүзеге асырған. 

Хулуси Акар, Түркияның қорғаныс министрі: 

- 27 ақпанда Идлибте әскерилерімізге қарсы жасалған шабуылдан кейін аймақта «Көктем қалқаны» операциясын бастадық. Қазірге дейін 1 ұшқышсыз әуе көлігі, 8 тікұшақ, 103 танк, 19 сауытты көлік, 72 зениттік гаубица, 9 оқдәрі қоймасы және 2212 әскердің көзі жойылды.

Хабар 24 телеарнасы