447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йоркте бір адам коронавирус жұқтырған

  • 116
  • UPD: 09:47, 02.03.2020
Нью-Йоркте бір адам коронавирус жұқтырған

АҚШ-тың Нью-Йорк штатында коронавирустың алғашқы жағдайы тіркелді.

«40 жастағы әйел Иранға барған кезде вирус жұқтырған және қазір үйде оқшауландырылды», - деді губернатор Эндрю Куомо.

Коронавирус АҚШ-тың Шығыс жағалауында тарала бастады. Бұған дейін инфекцияның Массачусетс штатында тарағаны туралы хабарланған. Жексенбіде Род-Айленд штатының денсаулық сақтау департаменті COVID-19 инфекциясының алғашқы болжамды жағдайын жариялады.

Хабар 24 телеарнасы