443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Токиода коронавирусқа байланысты сән апталығы өтпейтін болды

  • 103
  • UPD: 17:19, 02.03.2020
Токиода коронавирусқа байланысты сән апталығы өтпейтін болды © AFP 2020 / Kazuhiro Nogi

Жапония астанасында 16-21 наурыз аралығына жоспарланған Rakuten Fashion Week TOKYO JFW Organisation сән апталығы өтпейтін болды.

Rakuten Fashion Week сән апталығы – Токиода өтетін сән индустриясындағы ең үлкен шаралардың бірі.

Қазіргі уақытта Жапонияда іс-шаралар, концерттер жаппай тоқтатылды. Мектептер де коронавирус қаупіне байланысты жабылуда. Елде коронавирустық инфекцияның 973 жағдайы расталды. Олардың ішінде 705 адам лайнердің жолаушылары мен экипаж мүшелері. Дәрігерлердің айтуынша, 12 адам қайтыс болды, тағы 50 адамның жағдайы ауыр.

Хабар 24 телеарнасы