411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда коронавирус жұқтырғандарға арналған аурухана жабылды

  • 369
  • UPD: 18:14, 02.03.2020
Қытайда коронавирус жұқтырғандарға арналған аурухана жабылды

Қытайдың Хубей провинциясында коронавирус жұқтырғандарға арналған уақытша аурухана жабылды, деп хабарлайды Reuters

Басылымның мәліметінше, вирус жұқтырғандар ауруханадан шыққан соң басшылық мекеменің қызметін тоқтату туралы шешім шығарды. Бұл уақытша ашылған 16 аурухананың бірі екен. Мұнда 13 мың адам жеткізілген.

Аурухана басшылығы айдың соңына қарай басқа да ауруханаларды жабу жоспарланып отырғанын айтты.

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың белең алғанын хабарлаған еді. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирус сол базарда сатылған жабайы жануарлардан тарағанын анықтады.

tengrinews.kz

Хабар 24 телеарнасы