413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде коронавирус жұқтырудың алғашқы жайты расталды

  • 264
  • UPD: 18:54, 02.03.2020
Ресейде коронавирус жұқтырудың алғашқы жайты расталды zakon.kz

Италиядан оралған Ресей азаматынан коронавирус табылды, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Дерт жеңіл формада сипат алған.

2 наурызда Ресейге сырттан коронавирус жеткені расталды, оны Италиядан оралған Ресей азаматы әкелген, деп хабарлады штабтағылар. Ол дерттің жеңіл формада өрбіп жатқанын айтты.

Эпидемиологиялық зерттеу нәтижелері бойынша жас жігіт Италияда демалыста болғанда ауырып қалған. Ресейге 23-ші күні оралған ол Мәскеу облысында жер үйде тұрады екен. Бірнеше күннен кейін ол ЖРВИ белгілерімен жергілікті емхананың қызметіне жүгінген, сол жерден ол жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.

Болжам бойынша бұл Мәскеуден Миланға ұшқан Ресей футбол одағының қызметкері Давид Беров туралы болуы мүмкін. «Новая газетаның» хабарлауынша, Беровтың өзі бұл диагноз туралы ештеңе білмейді.

Хабар 24 телеарнасы