424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әзербайжанда білім беру мекемелері уақытша жұмысын тоқтатады

  • 398
  • UPD: 22:59, 02.03.2020
Әзербайжанда білім беру мекемелері уақытша жұмысын тоқтатады

Әзербайжанның министрлер кабинеті жанындағы жедел штаб өкілдері барлық білім беру орындарының жұмысын тоқтатып, барлық іс-шараларды кейінге қалдыру жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, штабта биылғы жылғы 3-9 наурыз аралығында жұқпалы аурулардың алдын алу, алдын алу шараларының тиімділігін арттыру, емдеу-сауықтыру, дезинфекциялау мен осы сияқты өзге де жұмыстардың қарқынын арттыру мақсатында елдің барлық білім беру мекемелерінде (балбақшалар, мектептер мен ЖОО-лар) оқу процесін тоқтату тоқтату жөнінде шешім қабылданды. Білім беру мекемелерінде сабақ 10 наурыздан басталады.

Осы уақытта Білім және ғылым министрлігі мен атқарушы биліктің тиісті органдарына өздерінің басқаруындағы барлық оқу орындарында медициналық-профилактикалық және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу міндеттелді.

Хабар 24 телеарнасы