443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


G7 әлемдік экономиканы коронавирустан құтқаруға ниетті

  • 104
  • UPD: 10:17, 03.03.2020
G7 әлемдік экономиканы коронавирустан құтқаруға ниетті

«Үлкен жетілік» коронавирустың әлем экономикасына ықпалын шектеу үшін бірлесіп әрекет етпек. Осы мақсатта жуық арада ұйымға мүше елдердің қаржы министрлері бас қосады.

Бұл туралы Франция экономика және қаржы министрі Бруно Ле Мэр мәлімдеді. Оның айтуынша, індет Қытайдан өзге елдерге таралуына байланысты әлем экономикасының дамуына кері әсері күшейген. Мысалы, дерт Қытаймен шектелген кезде Франция экономикасы биыл тек 0,1 процентке төмендейді деп болжанған. Енді сарапшылар бұл көрсеткіш одан да жоғары болады деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы