426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жазасын өтеушілер түрме ауласын бассейнге айналдырған

  • 405
  • UPD: 10:13, 03.03.2020
Жазасын өтеушілер түрме ауласын бассейнге айналдырған

Эквадордағы Куэнка қаласында әлеуметтік оңалту орталығындағы жазасын өтеушілер түрме ауласын бассейнге айналдырып, су ойындарын ойнаған , деп хабарлады La Republica.

Олар өздерінің іс-әрекеттерін ауа райының өте ыстық болуымен байланыстырған.

Күзетшілердің қарауынсыз қалған тұтқындар түрме ауласын сумен толтырып, ондаған шаршы метрді құрайтын ашық бассейн жасаған.

Интернетте жарияланған суреттерден сотталғандардың суда жүзіп, доп ойнап жүргенін байқауға болады.

Ел билігі тергеуді бастады.

Хабар 24 телеарнасы