399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кореяда коронавирус таралуына себепкер сектаның лидері тізерлеп отырып кешірім сұрады

  • 308
  • UPD: 11:17, 03.03.2020

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 4 мыңнан асты деген дерек бар. Қайтыс болғандардың саны да біршама. Қазіргі жағдай қалай? 

- Елдегі жағдай қалай? Індеттің таралуы саябырсыды ма? Мамандар не дейді? 

- Қазір Оңтүстік Кореяда 4 812 адам коронавирус жұқтырған. 29 адам осы кеселден қаза тапты. Олардың көбі Тегу қаласы мен Солтүстік Кёнсан провинциясында тіркелген. Марқұмдардың басым бөлігі егде жастағы науқастар мен қосымша басқа да дертке шалдыққандар. Мысалы, вирус жұқтырған 79 жастағы әйел адам жүрек-қан тамырларының ауруына да шалдыққан екен. Коронавирустан қаза тапқан қалған марқұмдар да қан қысымы мен қант диабетімен ауырған екен. Ал бүгін 78 жастағы тұрғын қаза тапты. Жалпы көз жұмған 29 адамның 19-ы Тегу қаласының тұрғыны. Көбінесе олар Синчхонджи діни ағымының өкілдері болып шықты. Мамандар науқастардың саны әлі де өсуі мүмкін деп отыр.

Со Ван Сок, медициналық университет директорының орынбасары: 

- Індет тарала берсе жағдайдың күрделене түсетіні анық. Тіпті елді тығырыққа тіреп, тоқырауға дейін баруы мүмкін ғой. Сондықтан да ондай деңгейге жеткізбей, мәселені оң шешуге ұмтылу керек. Сауатты диагностика, ұтымды ем қолдану арқылы халықты дер сауықтырып алуды ойлауымыз керек. Мамандар жағдайды үнемі бақылауда ұстап отыруы тиіс.  

- Вирустың таралмауы үшін жергілікті биліктің әрекеті қандай? 

Бүгінде барлық күш Тэгу қаласына жұмылдырылған. Бірақ емханаларда науқастарға орын жетіспей жатыр. Соның кесірінен 4 науқас ауруханаға жатқызылмай, карантин кезінде қаза тапты. Емдеу мекемелеріндегі орын тапшылығы өткір мәселе боп тұрғандықтан елдің өзге өңірлері көмек қолын соза бастады. Мәселен, көршілес Кванджу қаласының билігі Тэгуден келген пациенттерге емханадан орын бөлінетінін хабарлады. Ал күні кеше медбикеден коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді. Ол Синчхонджи діни ағымының шіркеуі маңындағы медициналық орталықта қызмет еткен. Ал Сеулге келер болсақ, ел астанасында ауру жұқтыру деректері аса көп емес. Тұрғындар COVID19-дан қорғану үшін бетперде мен зарарсыздандырғыш дәрілер қолдануда. Бұған қоса дәрігерлер жөтелген әрі түшкірген адамдардан аулақ болуға шақырып жатыр. Сонымен қатар сақтық шаралары ретінде бөлмені міндетті түрде желдетіп, еденді хлор қосылған сумен жуу қажет дейді мамандар.

Хабар 24 телеарнасы