428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда кеме апатынан 18 адам мерт болды

  • 412
  • UPD: 12:31, 03.03.2020
Бразилияда кеме апатынан 18 адам мерт болды

Тағы 22 адам із-түзсіз жоғалды.

Бразилияның солтүстігіндегі Амапа штатында жолаушылар мінген «Анна-Каролина III» кемесі суға батып кетті. 46-ы адам құтқарылып, 18 кісі мерт болды, деп хабарлайды Globo.

Қазіргі таңда 22 жолаушы із-түзсіз жоғалғандар қатарында, оларды құтқарушылар мен әскерилер іздеп жатыр.

Алайда ауа райының қолайсыздығы бұл жұмыстарға кедергі келтіруде.

 

Хабар 24 телеарнасы