Иранда коронавирус ошағына айналған аймақтарға әскери жасақтар орналастырыла бастады. Олар қауіпті дерттің таралуына тосқауыл қою үшін өздеріне жүктелген міндеттерді орындайды.
Қазірдің өзінде әскерилер Кум қаласындағы көшелерді дәрілендіріп, залалсыздандырып жатыр. Дерт жайлаған өңірлерге әскери дәрігерлер жіберілуде. Қарулы күштер жанынан биологиялық штаб құрылды.