429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рим папасы коронавирусқа байланысты тексерілді

  • 568
  • UPD: 14:39, 03.03.2020
Рим папасы коронавирусқа байланысты тексерілді

83 жастағы Рим папасы Франциск бір апта бойы суық тиіп ауырып жатыр.

Жексенбі күні кездесу барысында оны қатты жөтел қысқан.

Одан коронавирусқа байланысты сынымалар алынып, нәтижесі теріс болып шықты. Бұл туралы итальялық Il Messaggero газеті хабарлады.

Газеттің хабарлауынша, жақында Бариге барған сапарында көптеген адамдармен кездескеннен кейін Рим папасы Францисктің ыстығы көтеріліп, тамағы ауырған.

Хабар 24 телеарнасы