413,26 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирия Түркияның тағы бір сарбазының көзін жойды

  • 276
  • UPD: 16:10, 03.03.2020
Сирия Түркияның тағы бір сарбазының көзін жойды

Сирияның Идлиб провинциясында өршіп тұрған қарулы қақтығыста тағы бір түрік әскері қаза тауып, біреуі жарақат алды.

Бұл туралы Түркияның ұлттық қорғаныс министрлігі хабарлайды. Естеріңізге салайық, Идлиб провинциядағы ахуал ақпанның 27-сі күні күрт ушығып кетті. Оған аймақтағы 33 түркия әскерінің қазасы себеп болды. Қазір Башар Асад режиміне Ресей билігі қолдау көрсетіп отыр. Жақын арада Режеп Тайып Ердоған мен Владимир Путин кездесіп, Идлиб мәселесін талқылайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы