419,72 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иранда 23 депутаттың коронавирус жұқтырғаны расталды

  • 595
  • UPD: 16:55, 03.03.2020
Иранда 23 депутаттың коронавирус жұқтырғаны расталды

Қазірдің өзінде Иран парламентінің 23 мүшесі коронавирус жұқтырды, деп хабарлады YJC спикердің көмекшісі Абдолрез Месриге сілтеме жасап.

Соңғы мәліметтер бойынша, 19 ақпаннан бастап Иранда коронавирустық инфекцияның 1501 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 66 адам көз жұмып, 291 адам дертінен айықты.

Иран билігі аурудың одан әрі таралуы мүмкін екенін болжап отыр.

Сонымен қатар парламент депутаттары халықпен байланыс жасауды шектейді.

Месридің айтуынша, палата өз жұмысын жалғастыра береді.

Хабар 24 телеарнасы