420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Катарда DIMDEX теңіз қару-жарақтарының көрмесі болмайды

  • 285
  • UPD: 17:18, 03.03.2020
Катарда DIMDEX теңіз қару-жарақтарының көрмесі болмайды

Араб әмірлігіндегі Катарда 16-18 наурызда өтетін ең ірі қару-жарақ көрмесі коронавирустың таралуына байланысты өтпейтін болды, деп хабарлады іс-шараның ұйымдастырушылары.

«Испаниядағы дүниежүзілік мобильді конгресс, Германиядағы ITB және Женевадағы автосалон сияқты ірі халықаралық іс-шаралардың тоқтатылғанын ескере отырып, DIMDEX 2020 ұйымдастыру комитеті денсаулық сақтау органдарымен және Катар үкіметімен кеңес өткізгеннен кейін көрмені тоқтату туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Катарда коронавирустың жеті жағдайы анықталған болатын.

Хабар 24 телеарнасы