447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдік әуе компаниялар коронавирустан 1,5 млрд доллар шығынға батуы мүмкін

  • 148
  • UPD: 08:24, 04.03.2020
Әлемдік әуе компаниялар коронавирустан 1,5 млрд доллар шығынға батуы мүмкін

Әлем әуе компаниялары коронавирустан биыл 1,5 миллиард доллар шығынға батуы мүмкін.

Бұл туралы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының Африка және Таяу Шығыс аймағы бойынша вице-президенті Мухаммед әл-Бакри мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы апталарда індет таралған елдерге шектеуден ұшақ билетіне сұраныс төмендеп, әуе компнаияларының кірісі азаяды. «Дағдарысты еңсеру үшін мемлекет бұл бірлестіктерге қолдау көрсету керек», - дейді халықаралық ұйым өкілі.

Еске сала кетейік, Қытайда коронавирус шыға салысымен көп мемлекет бұл елмен әуе байланысын тоқтатты. Кейін мұндай шара Оңтүстік Корея, Иран және өзге де елдерге қолданыла бастады.

Хабар 24 телеарнасы