425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Норвегия портына тоқтаған лайнер жолаушыларынан індет табылмады

  • 369
  • UPD: 13:21, 04.03.2020
Норвегия портына тоқтаған лайнер жолаушыларынан індет табылмады

Норвегияның Хёугесунн портына тоқтаған круиздік лайнерде коронавирус дерегі расталған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін ондағы екі адамда ауру симптомдары байқалған соң су көлігі карантинге жабылған болатын. Белгілі болғандай, екеуі де Германияда вирус жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған екен. Алайда дәрігерлер жолаушыларды жіті тексеріп болғаннан кейін уайымдауға еш себеп жоқ екенін хабарлады. Қазір бортында 1200 жолаушысы бар лайнер сапарын жалғастырды.

Хабар 24 телеарнасы