447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда су тасқынынан 12 адам көз жұмды

  • 150
  • UPD: 13:44, 04.03.2020
Бразилияда су тасқынынан 12 адам көз жұмды

Бразилияның Сан-Паулу штатында толассыз жауған жауыннан су тасқыны жүрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 12 адам қаза тапты. 46 азамат жарақат алды. Ондаған тұрғын үй қирап, жолдарды су басқан. Табиғат апатына байланысты қазір аймақта жүздеген құтқарушы жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, күні кеше ғана Рио-де-Жанейроны да су басқан еді. Оған нөсер жаңбыр себеп. Мамандардың сөзінше, шаһарда соңғы 2 күнде 20 сантиметр жауын түскен. Салдарынан бірнеше адам қайтыс болды. Бұған қоса, топан судан үйлер құлап, көліктерді ағызып әкетті.

Хабар 24 телеарнасы