414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Идлибте тағы бір түрік сарбазы қаза тапты

  • 176
  • UPD: 13:43, 04.03.2020
Идлибте тағы бір түрік сарбазы қаза тапты

Сирия армиясының шабуылынан Идлибте тағы бір түрік сарбазы қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

9 жауынгер жараланды. Бұл туралы Түркияның Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

Айта кетейік, өткен айда Түркия Сирияның Идлиб провинциясына жүздеген жауынгер мен әскери техника енгізген болатын. Сондағы мақсат – Дамаскідегі орталық билікке қарсы көтерілісшілерді қолдау. Бірақ сол уақыттан бері Идлибтегі қанды қақтығыстан Түркия күштерінің 57 әскериі мерт болды.

Хабар 24 телеарнасы