399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде мектеп оқушысы дүкендегі ойыншық арқылы коронавирус жұқтырды

  • 372
  • UPD: 16:27, 04.03.2020
Израильде мектеп оқушысы дүкендегі ойыншық арқылы коронавирус жұқтырды

Израильде 9-сынып оқушысы ойыншық дүкеніне барғаннан кейін коронавирус жұқтырды.

Бұл туралы The Jerusalem Post хабарлады.

Оның мектебі тоғызыншы сынып оқушылары үшін сабақтарды тоқтатты. Шамамен 1150 оқушы карантинге алынды.

Сонымен қатар дүкенге барған орта мектеп директорының орынбасарынан да коронавирус табылды. Қазіргі уақытта Израильде коронавирустың 15 жағдайы расталды.

Хабар 24 телеарнасы