Қытайлық ғалымдар коронавирустың мутацияға ұшырағанын айтты, деп хабарлады Бэйцзин жибао газеті.
Ғалымдардың айтуынша, коронавирус S және L типті болып екі түрге бөлінеді.
Зерттеушілер коронавирустың 103 үлгісін зерттеп, жақында 149 мутация пайда болғанын анықтады.
Ғалымдар коронавирустың S және L типтерін 101 үлгіден анықтады, олардың 30%-ы S-типті, 70%-ы L-типті вирус. Сарапшылардың айтуынша, екіншісі біріншісінен гөрі жұқпалы.
Коронавирустың S типі жарқанаттарда кездесетін вирусқа сәйкес келеді. Ғалымдар бұл түр коронавирустың «ескі нұсқасы» деген тұжырымға келді.
Вирустың L типі Уханьда коронавирустың алғашқы таралу сатысында жиі кездескен, бірақ қаңтар айының бірінші аптасынан кейін ол аз таралған.