432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда тағы Түркия сарбаздарының көзі жойылды

  • 511
  • UPD: 00:11, 05.03.2020
Сирияда тағы Түркия сарбаздарының көзі жойылды

Сирияның Идлиб аймағында тағы 2 түрік жауынгері қаза тауып, 6 сарбаз жарақат алды. Бұл туралы Түркия Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

Ақпаратқа сәйкес, түрік жасақтары Сирия күштерінің атқылауына ұшыраған. Түркия шабуылды жауапсыз қалдырмайтынын ескертті.

Айта кетейік, Сирияның Идлиб аймағындағы жағдай ақпан айының соңында шиеленісіп кетті. Оған Сирия күштерінің Түркия жасақтарына соққы беріп, 36 түрік жауынгерінің қаза табуы себеп болды. Артынша Анкара Сирия әскеріне қарсы «Көктемгі қалқан» операциясын бастады.

Хабар 24 телеарнасы