422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Украина премьер-министрі отставкаға кету туралы арыз берді

  • 444
  • UPD: 18:12, 04.03.2020
Украина премьер-министрі отставкаға кету туралы арыз берді

Украина Премьер-министрі Алексей Гончарук қызметінен босату туралы Жоғарғы Радаға өтініш берді. 35 жастағы үкімет басшысы мұндай шешімді «Слуга народа» фракциясының отырысынан кейін қабылдаған.

Парламент Гончаруктың өтінішін бүгін қарастыруы керек. Егер Жоғарғы Рада оның сұрауын қанағаттандырса, бүкіл үкімет отставкаға кетеді.

Айта кетейік, Алексей Гончарук Украина премьер-министрі болып былтыр тамыз айында сайланған. Ол Украина үкіметін басқарған ең жас басшы.

Хабар 24 телеарнасы