413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда коронавирусқа байланысты карантинге алынғандарға өтемақы төленеді

  • 254
  • UPD: 08:03, 05.03.2020
Францияда коронавирусқа байланысты карантинге алынғандарға өтемақы төленеді

Францияда коронавирусқа байланысты үйлерінде немесе ауруханада карантинге алынған барлық адамдарға өтемақы төленеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ бұл тек әлеуметтік сақтандыру жүйесіне тіркелгендерге қатысты болмақ. Қаңтар айының соңында үкімет қауіпті инфекцияларға байланысты өтемақыны төлеуді қарастыратын арнайы жарлық қабылдаған болатын. Сондай-ақ премьер-министрдің шешімі бойынша, бұл құжатта аталған тұлғалармен қатар, карантинге алынған балалардың ата-аналарына да ақша төленетін болды.

Оливье Веран, Франция денсаулық сақтау министрі:

– Қабылданған жарлық әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың барлығына 20 күнге дейін еңбекке жарамсыздық парақшасын ашуға мүмкіндік береді. Ол медициналық сақтандыру қорларынан ешбір кідіріссіз төленеді. Бұл жарлық науқастармен қатынаста болғандарға және қауіпті деп танылған елдерден келушілерге де қолданылады.

Хабар 24 телеарнасы